АНАЛАРҒА ШЫНАЙЫ ҚҰРМЕТ ПЕН АЛҒЫС

АНАЛАРҒА ШЫНАЙЫ ҚҰРМЕТ ПЕН АЛҒЫС

Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аудан әкімінің орынбасары Ернар Әбілдаев ардагер аналардың шаңырағына арнайы барып, мерекелік құттықтау сөзін жеткізді.

Алдымен Сарымолдаев ауылында тұратын 91 жастағы Валентина Чертованың үйіне барды. Ол ұзақ жылдар бойы педагогика саласында еңбек етіп, 25 жыл мұғалім ретінде қызмет атқарған. Аудан әкімінің орынбасары ананың ұлағатты еңбегін атап өтіп, жылы сөзін арнады.

Содан кейін Ернар Әбілдаев Рысқұлов ауылдық округінде тұратын Әскеркүл Сейтказиева апаны мерекемен құттықтады. Ол еңбек жолын ұстаздық қызметтен бастап, кейін директор болып қызмет атқарған, қазіргі таңда зейнеткер. Әскеркүл апаның 5 ұлы мен 1 қызы бар; олардан 21 немере және 16 шөбере сүйіп отыр.