Аналар мерекесіне орай бүгін аудан әкімінің орынбасары Қайрат Арғымбаев ақ жаулықты ардагер аналардың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.
Алдымен аудан әкімінің орынбасары Меркі ауылдық округінде тұратын 75 жастағы Серіккүл Нұрланқұлова апаның үйіне барып, ізгі тілегін білдіріп, сый-құрмет көрсетті. Серіккүл апа еңбек жолында ұзақ жылдар бойы орталық саябақта жұмысшы болып қызмет атқарып, кейін түрлі салаларда еңбек еткен. Жалпы еңбек өтілі – 28 жыл. Бүгінде ардақты ана 2 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсіріп, ұрпақтарының қызығын көріп отыр.
Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Қайрат Арғымбаев ұзақ жылдар бойы банк саласында еңбек еткен Мария Чурина апаның шаңырағында болып, мерекемен құттықтады. Мария Чурина 37 жыл банк саласында абыройлы қызмет атқарған.