Байқаудың негізгі мақсаты – жастардың ұлттық қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ата-бабадан қалған асыл мұраны дәріптеу және жас шеберлерге қолдау көрсету.
Шара барысында аудан бойынша 25 қатысушы өзара бақ сынап, қолөнер бұйымдары мен макеттерін көпшілік назарына ұсынды. Қатысушылар өз жұмыстарының идеясы мен жасалу ерекшеліктерін таныстырып, ұлттық нақыштағы кәдесыйлар мен макеттер арқылы көрермендерді тәнті етті.
Байқау қорытындысы бойынша Меркі ауданы әкімдігінің орынбасары Ө.М.Азатұлы қатысушыларға алғысын білдіріп, жастардың өнері мен ізденісіне жоғары баға берді.
Нәтижелер:
І орын – Т. Рысқұлов атындағы №20 ЖОББМ, Құралбай Нұржан
ІІ орын – №28 ЖОББМ, Молдабай Ерсұлтан
ІІІ орын – №6 ЖОББМ, Жақсылық Нұртас
Номинациялар бойынша:
«МАКЕТ» номинациясы – Иван Турбицын атындағы №17 ЖОББМГ, Марат Алисұлтан
«КӘДЕСЫЙ» номинациясы – «Өркен» БШДО, Оразалы Алинұр
Осындай тағылымды іс-шаралар ұлттық құндылықтарды насихаттап қана қоймай, жастардың шығармашылық әлеуетін арттырып, қолөнер саласындағы жаңа таланттардың ашылуына жол ашады.
Ұлттық өнерді ұлықтайтын мұндай байқаулар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенімдеміз!