
Шара барысында қатысушылар Меркі аудандық тарихи-өлкетану мұражайында болып, өлкенің бай да терең тарихымен танысты. Кездесу мұражай директоры А.Базиловтың қатысуымен өтіп, орта ғасырлардағы Меркі өңірінің тарихи маңызы, Меркі жерінің көне қалалар мен тарихи ескерткіштерге бай екені, бұл өңірдің Ұлы Жібек жолындағы маңызды орталықтардың бірі болғаны кеңінен айтылды. Қатысушылар тарих қойнауына терең бойлап, бабалар мұрасын дәріптеудің маңызын тағы бір мәрте сезінді.
Мұндай кездесулер жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, туған өлкені сүюге, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үлкен үлес қосады.