ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АЗАМАТТАР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ БЕРІК КЕПІЛІ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АЗАМАТТАР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ БЕРІК КЕПІЛІ

Бүгін аудандық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді. Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбек жүргізді.

Жиын барысында Негізгі заңға ұсынылып отырған түзетулердің мазмұны мен маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Конституциялық комиссия қарауына түскен ұсыныстар мен қоғамдық талқылаулардың нәтижесінде әзірленген өзгерістер елдегі құқықтық жүйені одан әрі жетілдіруге бағытталғаны атап өтілді.

Ұсынылып отырған жаңа редакцияда бірқатар бөлімдер мен баптарға өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік басқару тетіктерін жаңғырту, құқықтық айқындықты күшейту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау механизмдерін жетілдіру көзделген.

Түсіндіру жұмыстары барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, көкейдегі сұрақтарына жауап алды. Кездесу ашық әрі мазмұнды форматта өтті.