ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ҚҰҚЫҚТЫҚ САЯСАТТЫҢ НЫҒАЙТЫЛУЫ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ҚҰҚЫҚТЫҚ САЯСАТТЫҢ НЫҒАЙТЫЛУЫ

Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбек Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру мақсатында «Мансап» орталығының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Мейірхан Өмірбек Конституциялық реформаның негізгі бағыттарына тоқталып, жаңа түзетулердің мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар, ұсынылып отырған өзгерістер қоғам пікірін ескеріп әзірленгенін, азаматтардың ұсыныс-пікірлерінің реформаның мазмұнында көрініс тапқанын жеткізді.

Сондай-ақ, орталық қызметкерлерінің қызметі мен кәсібилігіне жоғары баға беріп, олардың жаңа Конституцияның мәнін түсіндіріп, халық арасында құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы рөлі ерекше екенін атап өтті. Қызметкерлер өз кезегінде реформаның маңыздылығын түсінгенін айтып, белсенді қатысқандығын білдірді.

Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты және түсінікті жауаптар беріліп, ашық пікір алмасу жасалды.

Меркі ауданында жаңа Конституция бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.