
11 ақпан күні Меркі ауданы аумағында қар жаууына байланысты аудандағы және елді мекендердегі көшелер мен автомобиль жолдарын қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта жолдарды күтіп ұстауға жауапты мекемелердің арнайы техникалары аудан көшелерінде және елді мекенішілік жолдарда үздіксіз тазалау жұмыстарын жүргізуде. Қардың жиналып қалмауы және көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында негізгі бағыттар, әлеуметтік нысандарға апаратын жолдар басымдықпен тазалануда.
Аталған жұмыстар ауа райы жағдайына байланысты тұрақты түрде жалғасатын болады. Тұрғындардан жол қозғалысы кезінде сақтық шараларын сақтауды және арнайы техникалардың жұмысына түсіністікпен қарауды сұраймыз.