АУДАН ӘКІМІ АРДАГЕР СПОРТШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

АУДАН ӘКІМІ АРДАГЕР СПОРТШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Аудан әкімі волейболдан ардагер спортшыларды арнайы қабылдады. Кездесу барысында аудан басшысы спорт ардагерлеріне аудан спортын дамытуға қосып жүрген елеулі үлестері мен бұқаралық спортты насихаттаудағы жанашырлықтары үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ ардагерлердің пікірлері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, аудандағы спорт саласын дамыту және инфрақұрылымды жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды.

Өз кезегінде волейболдан ардагерлер командасының капитаны  Ерсайын Ахилбаев пен ауданға белгілі спорт ардагері Құдайберген Жантаев аудан әкіміне ризашылықтарын білдіріп, бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар қолдауды қажет ететін кей мәселелерді ортаға салды.

Аудан әкімі аудан намысын қорғап жүрген спортшыларға және өңірдегі спорт саласын дамытуға әрдайым қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.