
Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасында Конституциялық реформаны ілгерілету және оның негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында облыстық ақпараттық топ мүшелерінің қатысуымен медицина саласы қызметкерлерімен кездесу өтті.
Іс-шараға облыстық ақпараттық топ мүшелері – мәдениет және өнер саласының ардагері Айгүл Кабиева және Жамбыл облыстық «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Мубарак Жинақбаева арнайы қатысып, жиынға келгендермен ашық форматта пікір алмасты.
Жиын барысында ақпараттық топ мүшелері Конституциялық реформаның негізгі мақсаттары мен басым бағыттарын жан-жақты түсіндіріп, медицина қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі мазмұнды жауаптар берді.
Кездесу қорытындысында қатысушылар Конституциялық реформаның қоғам өміріндегі маңыздылығын атап өтіп, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін білдірді.