ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

Ақтоған ауылдық округінде Конституциялық реформаны ілгерілету және оның негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында облыстық ақпараттық топ мүшелерінің қатысуымен ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.

Жиынға облыстық ақпараттық топ мүшелері – мәдениет және өнер саласының ардагері Айгүл Кабиева, Жамбыл облыстық «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Мубарак Жинақбаева арнайы келіп, тұрғындармен ашық форматта пікір алмасты.

Кездесуге сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбек қатысып, Конституциялық реформалардың ел дамуына тигізер оң әсері, жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру, азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөнінде сөз сөйледі.

Жиын барысында облыстық ақпараттық топ мүшелері Конституциялық реформаның негізгі мақсаттары мен мазмұнын кеңінен түсіндіріп, тұрғындардың сұрақтарына нақты жауап берді. Ауыл тұрғындары тарапынан көтерілген ұсыныс-пікірлер назарға алынып, ашық диалог орнады.

Кездесу соңында қатысушылар Конституциялық реформаның қоғам үшін маңыздылығын атап өтіп, мұндай түсіндіру жұмыстарының алдағы уақытта да жалғасуы қажет екенін жеткізді.