КОНСТИТУЦИЯ: ҚОҒАМ ҮНІ ЕСКЕРІЛГЕН ҚҰЖАТ

КОНСТИТУЦИЯ: ҚОҒАМ ҮНІ ЕСКЕРІЛГЕН ҚҰЖАТ

Аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбек №9 Меркі колледжінде Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясын түсіндіру бойынша кездесу өткізді. Жиынға аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Жұмахан Жантелиев және колледж ұжымы қатысты.

Кездесу барысында Мейірхан Азатұлы Конституциялық комиссияның құрамы мен жұмыс тәртібіне тоқталды. Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған комиссия құрамына 130-ға жуық білікті маман еніп, Парламентте өкілдігі бар барлық саяси партиялардың, сарапшылар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуы қамтамасыз етілгенін атап өтті. Бұл реформаның кәсіби әрі теңгерімді негізде әзірленгенін көрсетеді.

Сондай-ақ Конституциялық комиссия жұмысының ашық және жария форматта өткеніне назар аударылды. Отырыстар тікелей эфирде көрсетіліп, азаматтардан e-Otinish, eGov платформалары және басқа да кері байланыс арналары арқылы ұсыныстар қабылданған. Нәтижесінде мыңдаған ұсыныс жүйеленіп, біртұтас әрі өзара үйлескен жоба әзірленді.

Жаңа редакция Кіріспеден, 11 бөлім және 95 баптан тұрады. Екі жаңа бөлім енгізіліп, 77 бапқа өзгеріс енгізілген. Бұл түзетулер Конституция мәтінінің 84 пайызын қамтып, Негізгі заңды тұжырымдамалық тұрғыда жаңғыртуға бағытталған.

Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, реформаның маңыздылығы кеңінен түсіндірілді.