
Бүгін аудан әкімі Ербол Жиенқұлов Сарымолдаев ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланған Жұматаев Ұлан Мұратұлын жергілікті қауымдастыққа таныстырды.
Кездесу барысында аудан әкімі Ербол Жұмабекұлы жаңа сайланған ауыл әкіміне қызметіне табыс тілеп, ауылға инвестиция тарту, инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арттыру бағытында бірқатар нақты міндеттер жүктеді. Сонымен қатар осыған дейін округ әкімі қызметін атқарған Сәбит Бәбіжановтың ауылдың дамуына қосқан еңбегін атап өтіп, оның қызметі ауыл тұрғындары тарапынан жоғары бағаланғанын жеткізіп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Ұлан Мұратұлы 1978 жылғы 15 желтоқсанда Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ойтал ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары. 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Тарих пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2000 жылы бастап, мемлекеттік қызметтің әртүрлі деңгейлерінде мол тәжірибе жинақтаған. 2025 жылдан бүгінгі күнге дейін Меркі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы қызметін атқарып келді.
Жиын соңында ауыл ақсақалдары жаңа сайланған округ әкіміне ақ тілектерін білдіріп, бата берді.