КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖАҢАРУ – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖАҢАРУ – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ

Бүгін аудан әкімі Ербол Жиенқұлов «Qaz Aimaq Gaz» АҚ аудандық филиалының ұжымымен кездесу өткізді. Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Мұратбек Көкрекбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Байсейіт Жылысбаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Жұмахан Жантелиев қатысты. Кездесу барысында елде қолға алынған конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызы жан-жақты түсіндірілді.

Аудан әкімі жаңа Конституция жобасы – кең қоғамдық талқылаудан өтіп, азаматтардың ұсыныс-пікірлері негізінде қалыптасқан маңызды құжат екенін атап өтті. Бұл өзгерістер қоғамдағы өзекті мәселелерге құқықтық тұрғыда жауап беріп, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталғанын жеткізді.

Жаңартылған Ата Заң құрылымдық тұрғыда қайта қаралып, жаңа бөлімдермен толықтырылды. Оның мазмұны қазіргі заман талаптарына сай жетілдіріліп, адам құқықтарын қорғау, қоғамдық келісімді нығайту және мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше мән берілген.

Кездесу соңында аудан әкімі конституциялық жаңғыру – елдің тұрақты дамуына, қоғам мен билік арасындағы сенімді күшейтуге бағытталған стратегиялық қадам екенін айтып, бұл бастамаларды қолдау әр азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті.