ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ҚОҒАМҒА СЕРПІН

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ҚОҒАМҒА СЕРПІН

Бүгін аудан әкімі Ербол Жиенқұлов «Аудандық электр желілері» мекемесінің қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында аудан әкімі Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ол Конституциялық комиссияға түскен ұсыныстар мен қоғамдық талқылаулар нәтижесінде Негізгі заңға енгізілетін түзетулердің жинақталған жобасы әзірленгенін атап өтті.

Жаңа жоба Кіріспеден, 11 бөлім мен 95 баптан тұрады. Конституцияға «Халық кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» атты екі жаңа бөлім енгізіліп, бірқатар бөлімдердің атауы мен мазмұны заманауи талаптарға сай жаңартылған. Сондай-ақ Конституцияның 77-бабына түзетулер енгізіліп, бұл өзгерістер негізгі мәтіннің 84 пайызын қамтып отыр.

Аудан әкімі аталған түзетулер тек редакциялық сипатта емес, құқықтық нақтылықты күшейтуге, қоғам сұранысы мен мемлекеттің стратегиялық даму мақсаттарына сай келетін ауқымды конституциялық жаңғыру екенін атап өтті.