Меркі аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 9 ақпандағы шешіміне сәйкес, Меркі ауданы әкімінің өкімімен Жұматаев Ұлан Мұратұлы Меркі ауданы Сарымолдаев ауылдық округі әкімі лауазымына тағайындалды.
Ұлан Мұратұлы 1978 жылы 15 желтоқсанда Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ойтал ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.
1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Тарих пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша аяқтаған.
Алғашқы еңбек жолын 2000 жылы Алматы қаласы Алмалы ауданындағы «Исмер» жеке меншік иелері кооперативінің бас маманы болып бастаған.
2001-2003 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің жетекші маманы, 2003 жылдың мамыр-тамыз айлары аралығында аудан әкімдігінің ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, 2003-2010 жылдары «Меркі ірімшік зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сүт тасымалы және дайын өнімді өткізі менеджері; 2010 жылдың маусым-қазан айлары аралығында аудан әкімдігінің білім бөлімінің бас маманы, 2010-2011 жылдары аудан әкімі аппаратының бас инспекторы, 2011 жылдың тамыз-желтоқсан айлары аралығында аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, 2013-2014 жылдары аудан әкімдігінің білім бөлімінің бас маманы, 2014-2015 жылдары аудан әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері, 2015-2019 жылдары аудан әкімдігінің білім бөлімінің бас маманы, 2019-2020 жылдары Меркі ауылдық округінің әкімі, 2021-2022 жылдары аудан әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері, 2023-2025 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы; 2025 жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында Меркі ауданы әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және жұмылдыру дайындығы бөлімшесінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарды.
2025 жылдан қазіргі уақытқа дейін Меркі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы қызметін атқарып келді.