ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

Бүгін аудан әкімі Ербол Жиенқұлов «Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау» мекемесінің қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында аудан әкімі ҚР Конституциясының жаңа жобасы туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  Аудан әкімі жаңа редакцияның негізгі бағыттарына тоқталып, Конституциялық комиссия түскен ұсыныстар мен қоғамдық талқылауларды ескере отырып, негізгі заңға енгізілетін түзетулердің жинақталған жобасын әзірлегенін айтты.

Жаңа жоба Кіріспеден, 11 бөлім мен 95 баптан тұрады. Конституцияға «Халық кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» атты екі жаңа бөлім енгізіліп, бірқатар бөлімдердің атауы мен мазмұны заманауи талаптарға сай жаңартылған. Сонымен қатар Конституцияның 77 бабына түзету енгізіліп, бұл өзгерістер мәтіннің 84 пайызын қамтып отыр.

Аудан әкімі бұл түзетулер жай редакциялық өзгерістер емес, құқықтық нақтылықты күшейтіп, қоғам сұранысы мен мемлекеттің стратегиялық даму мақсаттарына сай келетін терең конституциялық жаңғыру екенін атап өтті.