МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ГҮЛДАРА НҰРЫМ МЕРКІ АУДАНЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ГҮЛДАРА НҰРЫМ МЕРКІ АУДАНЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Бүгін ауданымызға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Алданышқызы Нұрым іс-сапармен келіп,  бірқатар нысандарды аралады.

Мәжілісмендерді аудан әкімі Ербол Жиенқұлов арнайы күтіп алып, аудан аумағындағы бірқатар әлеуметтік нысандар бойынша жеке өзі алып жүріп, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Іс-сапар барысында депутат Меркі ауылында орналасқан «Балдәурен» бөбекжай-бақшасының күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Сонымен қатар жаңадан ашылған аудандық мұрағат ғимаратымен танысып, архивтің қызметіне назар аударды.

Сондай-ақ орталық аурухананың жаңадан салынып жатқан қабылдау бөлімінің құрылыс жұмыстарын зерделеді.