МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ МЕРКІ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ МЕРКІ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

Бүгін Меркі ауданында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұқаш Ескендіров пен Әбутәліп Мүтәлі, сондай-ақ «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов жұмыс сапарымен болды.

Мәжілісмендерді аудан әкімі Ербол Жиенқұлов арнайы күтіп алып, іссапар барысында аудан аумағындағы бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар бойынша жеке өзі алып жүріп, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Депутаттардың жұмыс сапары Қызылсай ауылында орналасқан «Қара кемпір» музейімен танысудан басталды. Бұдан кейін Мәжіліс депутаттары мен партия өкілдері «Андас-1, 2, 3» су қоймаларын көріп, олардың ауыл шаруашылығын дамытудағы маңызына назар аударды.

Сондай-ақ Мәжіліс депутаттары Ойтал ауылдық округіндегі Меркі бекеті ауылында салынып жатқан аспалы көпір құрылысының барысын зерделеп, нысанның тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы қатынас қалыптастырудағы маңызын атап өтті.

Сонымен қатар, Мәжіліс депутаттары Тәтті ауылындағы мектеп интернатының ахауалын зерделеп, «Алпамыс» спорт кешенінің жұмысымен танысты.

Кездесулер барысында Мәжіліс депутаттары мен партия өкілдері көтерілген мәселелерді назарға алатынын жеткізді.