Бүгін аудан әкімі Ербол Жиенқұловтың төрағалығымен аудандық аппарат кеңесі өтті.
Кеңестің күн тәртібінде жыл қортындысымыен барлық индикаторлардың орындалуы мәселесі қаралды.
Бұл мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Абылай Ахметжанов баяндама жасады. Оның айтуынша, 2025 жылдың қорытындысымен Меркі ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бойынша тұрақты өсім қамтамасыз етілді. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 48,4 млрд теңгеге, негізгі капиталға салынған инвестициялар 35,4 млрд теңгеге жетіп, құрылыс жұмыстары 32,2 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ аудан бюджетінің кіріс бөлігі артығымен орындалған.
Аудан әкімі алдағы жылға арналған барлық салалар бойынша жұмыс жоспарларын тыңдап, олардың нақты әрі нәтижелі орындалуына баса назар аударды. Сонымен қатар, барлық ауылдық округтерде әлеуметтік-экономикалық даму бағытында жүйелі, үйлесімді және жауапкершілікке негізделген жұмыстарды күшейту қажеттігін қатаң тапсырды.