АУДАН ӘКІМІ АРХИВШІЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

АУДАН ӘКІМІ АРХИВШІЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін аудан әкімі Ербол Жиенқұлов Архившілер күніне орай сала қызметкерлерін арнайы қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Кездесу барысында аудан әкімі архив саласы – ел тарихының алтын қоры екенін атап өтіп, ұрпаққа аманат болатын құнды құжаттарды жинақтау, сақтау және жүйелеу архившілердің аса жауапты да маңызды еңбегі екенін жеткізді. Архив қызметкерлерінің өңірдің тарихи жадысын қалыптастыруға қосып отырған үлесі ерекше екеніне тоқталды.

Сондай-ақ сала мамандарының тиянақты еңбегі мен кәсібилігін жоғары бағалап, бірқатар қызметкерлерді аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады.

Кездесу соңында аудан әкімі архив саласы қызметкерлеріне шығармашылық табыс, зор денсаулық пен қызметтеріне сәттілік тілеп, мерекелік лебізін білдірді.