Бүгін аудан әкімі Ербол Жиенқұлов Энергетиктер күніне орай сала ардагерлері мен мамандарын арнайы қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Кездесу барысында аудан әкімі энергетиктердің ел өміріндегі маңызын атап өтіп, тұрғындарды жарықпен, жылумен және үздіксіз энергиямен қамтамасыз ету – жоғары жауапкершілік пен кәсіби шеберлікті талап ететін еңбек екенін айтты. Бұл саладағы тұрақты жұмыс – ауданның тыныс-тіршілігі мен экономикалық дамуының негізі екені ерекше тоқталды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауының мәніне тоқталған аудан әкімі энергетика саласы – нағыз еңбек пен кәсібилікті талап ететін жұмысшы мамандықтардың айқын үлгісі екенін жеткізді. Осы орайда энергетик мамандардың қоғамдағы рөлі мен жауапкершілігі бұрынғыдан да арта түскенін атап өтті.
Ербол Жиенқұлов энергетика саласы қызметкерлерінің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып отырған үлесін жоғары бағалап, бірқатар сала мамандарын Құрмет Грамотасы және Алғыс хаттармен марапаттады.
Кездесу соңында аудан әкімі сала қызметкерлеріне алдағы қызметтеріне табыс, зор денсаулық пен амандық тілеп, мерекелік лебізін білдірді.