«ЖАС САЙЛАУШЫЛАР КЛУБЫНЫҢ» АЛҒАШҚЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

«ЖАС САЙЛАУШЫЛАР КЛУБЫНЫҢ» АЛҒАШҚЫ ФОРУМЫ ӨТТІ

№9 Меркі колледжінде Меркі аудандық сайлау комиссиясының жанынан құрылған Жас сайлаушылар клубының форумы өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбек қатысып, жастардың сайлау мәдениетін қалыптастырудағы маңыздылығына тоқталды. Форумға арнайы шақырылған қонақтар, колледж студенттері және ауданның белсенді жастары қатысты.

Жастардың сайлауға деген қызығушылығын арттыру, саяси сауаттылығын көтеру және қоғам өміріне белсенді қатысуына ықпал ету – форумның басты мақсаты болды. Іс-шара барысында клуб жұмысының міндеттері таныстырылып, саяси жүйе, азаматтық ұстаным және сайлау мәдениеті туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Әбілхайыр Боранбаев жас сайлаушылардың қоғамдағы рөлі мен олардың азаматтық белсенділігін арттыру бағытындағы мақсат-міндеттерін атап өтті.

Меркі аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Олжас Тойбаев баяндама жасап, жастардың сайлауға қатысуын ынталандыру және олардың саяси сауаттылығын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды.

Форум аясында Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мен Жастар ресурстық орталығы арасында жас сайлаушылар клубын дамыту бойынша меморандум жасақтау мәселесі көтерілді.

Жастар ресурстық орталығының директоры Нұрбек Жұманазаров жас сайлаушылар құрамының жасақталуы туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, клуб құрамына аудан жастары, білім бөлімі қызметкерлері және ЖРО қызметкерлері кіреді. Аудандағы жас сайлаушылардың үлесі 19,9 пайызды құрайтыны атап өтілді.

Жас сайлаушылар клубының төрағасы Әділет Асланбек клуб мүшелерінің мақсаттары мен міндеттерін жан-жақты түсіндіріп берді.

Сонымен қатар, «Аманат» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының мүшесі, Гүлжан Назарбаева жастардың саяси белсенділігін арттыру жөнінде пікір білдірді.

Форум соңында жас сайлаушылар клубының жұмысын белсенді атқарған азаматтарға Алғыс хаттар табысталды.