
Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 16 қарашадағы шешіміне сәйкес Досеке Тұрар Тұрсыналыұлы Жамбыл ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланды.
Тұрар Тұрсыналыұлы 1989 жылы 20 маусымда Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ.
2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша, 2012 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқық магистрі» мамандықтары бойынша аяқтаған.
Алғашқы еңбек жолын 2010 жылы «Нұр Отан» партиясы Меркі аудандық филиалының «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша маман болып бастаған. 2011 жылы «AIG-BILD» ЖШС директорының орынбасары, 2011-2012 жылдары «Нұр Отан» партиясы Меркі аудандық филиалының кеңесшісі, 2012-2016 жылдары Меркі аудандық мәслихат аппаратының бас маманы, 2016-2017 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік - құқықтық және ұйымдастыру - инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы, 2017-2020 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру - инспекторлық бөлімшесінің басшысы, 2020-2021 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2021 бастап қазіргі уақытқа дейін Меркі аудандық мәслихаты аппаратының басшысы лауазымын атқарып келді.