СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ САЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ САЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Сыбайлас жемқорлықтың салдары» тақырыбында конференция өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және адалдық құндылықтарын насихаттау болды.

Жиынға аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Дәрмен Күздеубай, аудандық мәслихаттың депутаты Нұрлан Сейсенбаев, аудандық білім бөлімінің кадр және мемлекеттік қызмет персоналын басқару бөлімінің басшысы Құралай Багадилова,  «Нығмет нұры» облыстық қоғамдық қорының төрайымы Шарапат Сүйімқұлова,  сондай-ақ мекеме қызметкерлері қатысты.

Конференция барысында қатысушылар қоғамдағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күресудің тиімді жолдары, оның әлеуметтік және экономикалық салдары туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат пен азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттестігіне назар аударылды.

Жиында сөз алған аудандық аналар кеңесі төрайымының орынбасары Роза Байбосынова жастарды адалдыққа, әділдік пен жауапкершілікке тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.

Шара соңында қоғамда парасаттылық қағидаттарын насихаттауға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ісіне белсенді үлес қосып жүрген азаматтарға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Бұл конференция – қоғамдағы ашықтық пен әділдік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады.