ЖАМБЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

ЖАМБЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Бүгін, 25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында, Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жеміс-жидек ауылында жаңа балалар ойын алаңының ашылу салтанаты өтті.

Жаңа ойын алаңы заманауи талаптарға сай жабдықталып, онда түрлі әткеншектер мен балаларға арналған футбол алаңы қарастырылған.

Салтанатты шараға Жамбыл ауылдық округінің әкімі Ербол Байболсынов, аудан әкімдігінің спорт бөлімінің басшысы Жасұлан Жантелиев, аудандық мәслихат депутаты Қадыржан Молдашев, ауыл ақсақалдары мен жергілікті тұрғындар қатысты.

Іс-шара барысында ауыл әкімі мен арнайы шақырылған қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын Республика күнімен және жаңа ойын алаңының ашылуымен құттықтады.

Салтанат соңында балалар жаңа ойын алаңында көңілді ойындар ойнап, қуанышты сәттермен бөлісті.