📚✨ «Абай дана, Абай дара қазақта» атты әдеби кеш өтті.
Ойтал ауылдық округінде 2025 жылдың 14 қазан күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің айлығы аясында және ұлы ақын, дана ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай тамаша әдеби кеш ұйымдастырылды. Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Карибаева Г.Ш. мен Джунусова М.Б. жоғары деңгейде өткізіп, оқушыларды Абай әлеміне жетеледі. 🎯 Кештің мақсаты: Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығын кеңінен насихаттау арқылы оқушылардың әдебиетке қызығушылығын арттыру, актерлік және сахна мәдениетін дамыту, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаған тұлғаның мұрасын қастерлеуге баулу, таным көкжиегін кеңейту. 📖 Әдеби кешке 6, 8 және 9-сынып оқушылары белсене қатысты. 8-9 сынып оқушылары Абай өмірінен алынған «Абайдың аналары», «Абайдың оқудан оралуы», «Абай мен Тоғжан» атты сахналық қойылымдарын қойып, көрерменге ерекше әсер қалдырды. Әсіресе, Нияз Ибраһим, Аман Сұлтан, Шалбаева Ақниет сынды оқушылар өз кейіпкерлерін шынайы сомдап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. 🗣 Ал 5-6 сынып оқушылары ұлы ақынның асыл сөздері мен сырлы жырларын мәнерлеп оқып, «Көзімнің қарасы», «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» атты әндерді нақышына келтіре орындады. Бұл сәттер кешке ерекше әсер мен рухани тереңдік сыйлады. 💡 Сонымен қатар, «Абайды білсең, озып көр!» атты танымдық сұрақ-жауап айдарында оқушылар Абай өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынға салды. Белсенді қатысушылар марапатталып, ынталандыру сыйлықтарына ие болды. 🎶 Іс-шара барысында Абайдың даналыққа, адамгершілікке, білімге шақырған өсиеттері кеңінен насихатталып, жас ұрпақтың рухани дүниесін байытты. ✨ Әдеби кеш көрермендер жүрегінен орын алып, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруға, қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға зор үлес қосты. #Абай180жыл #АбайДанаАбайДараҚазақта #ҚазақТіліАйлығы #№20Мектеп #АбайМұрасы #РуханиЖаңғыру #ҰлағаттыҰстаз #МәдениІсШара #АбайҚұнанбайұлы