АУДАН ӘКІМІ Т.РЫСҚҰЛОВ ЖӘНЕ ТӘТТІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ Т.РЫСҚҰЛОВ ЖӘНЕ ТӘТТІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Меркі ауданының әкімі Ербол Жиенқұлов Т.Рысқұлов және Тәтті ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуде аудан әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Аудан басшысы тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, олардың ұсыныстарын назарға алды.

Т.Рысқұлов ауылдық округінің тұрғындары байланыс желісінің нашарлығы, тротуар салу және мәдениет үйінің қажеттігі жөнінде мәселелер көтерді.

Ал Тәтті ауылдық округінде өткен кездесуде Ақжол ауылының тұрғындары каналдар жүйесін жаңғырту, ауыз судың сапасын жақсарту, К.Әзірбаев көшесіне асфальт төсеу, сондай-ақ ауылдағы ескі мектеп ғимаратын балабақша ретінде пайдалану жөнінде бірқатар өтініштерін білдірді.

Ербол Жиенқұлов тұрғындар тарапынан көтерілген барлық мәселелерді бақылауға алатынын атап өтіп, оларды зерделеу және шешу жолдарын қарастыруды тиісті бөлімдер мен мекеме басшыларына тапсырды.

Кейбір сұрақтар бойынша аудан әкімі сол мезетте түсіндірме беріп, заң аясында жауаптар ұсынды.⠀