АППАРАТ КЕҢЕСІ: ТУРИЗМ МЕН ЖЕР МӘСЕЛЕСІ

АППАРАТ КЕҢЕСІ: ТУРИЗМ МЕН ЖЕР МӘСЕЛЕСІ

Аудан әкімі Ербол Жиенқұловтың төрағалығымен аппарат кеңесі өтті. Кеңесте туризм саласын дамыту және жер дауларының ағымдағы жағдайы сынды маңызды мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Нәрікбаев баяндама жасап, туризм саласында қолға алынған нақты іс-шаралар мен алдағы жоспарларды таныстырды.

Екінші мәселе – аудан көлеміндегі жер дауларының жай-күйі бойынша жер қатынастары бөлімінің басшысы Данияр Нұрпейісов баяндама жасап, өзекті түйткілдер мен оларды шешу жолдарын баяндады.

Кеңес соңында аудан әкімі Ербол Жиенқұлов туризм саласын дамытуда жергілікті мүмкіндіктерді тиімді пайдалану, инфрақұрылымды жетілдіру және инвестиция тарту бойынша жұмыстарды жандандыру қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, жер дауларына қатысты мәселелерді заң аясында дер кезінде шешіп, халықпен түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Әрбір жауапты бөлім мен маман нақты нәтижеге жұмыс істеуі қажет екенін айтып, аталған бағыттардағы жұмыстардың орындалуы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.