МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ МЕРКІДЕ

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ МЕРКІДЕ

Бүгін Меркі ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Алданышқызы Нұрымова жұмыс сапарымен келді.

Іссапар аясында Мәжіліс депутаты алдымен Ойтал ауылдық округіндегі теміржол бойында жаяу жүргіншілерге арналған көпірдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Аудан әкімі Ербол Жиенқұлов жобаның іске асу барысын баяндап, көпірдің 2025 жылға өтпелі жоба екенін атап өтті. Жалпы құны 496 млн теңгені құрайтын құрылыс нысанында қазіргі таңда іргетасын қалау жұмыстары басталған. Депутат құрылыс алаңында ауыл тұрғындарымен, атап айтқанда, ақсақалдармен тілдесіп, олар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерді назарға алды.

Бұдан кейін Гүлдара Алданышқызы былтыр ашылған «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының жұмысымен танысты. Орталықта зейнеткер азаматтарға арналған емдік жаттығулар, медициналық және психологиялық кеңестер, цифрлық сауаттылықты арттыру, шығармашылық және демалыс бағытындағы түрлі үйірмелер қамтылған. Мәжіліс депутаты орталық қызметін жоғары бағалап, ардагерлермен пікір алмасты.

Сапар соңында Гүлдара Нұрымова «AMANAT» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, көтерілген сұрақтарға қатысты тиісті түсініктемелер берді.