Бүгін аудан әкімі Ербол Жиенқұлов «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының аудандық кезеңінде жеңімпаз атанған отбасыларды арнайы қабылдап, құттықтады.
Қабылдау барысында аудан басшысы аталған байқаудың отбасылық құндылықтарды дәріптеуде, ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыруда және қоғам өміріне белсенді қатысатын үлгілі отбасыларды насихаттауда маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ, жарыста оза шапқан әулеттерге алғысын білдіріп, ізгі тілегін арнады.
Айта кетейік, биылғы аудандық кезеңге 9 отбасы қатысқан болатын. Арнайы комиссия шешімімен:
1-орынды – Меркі ауылынан Шайхиевтер отбасы,
2-орынды – Кеңес ауылынан Тілеуішовтер отбасы иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды.
Ал 3-орын Ақарал ауылынан Таировтар отбасына бұйырды.
Аудан әкімі жеңімпаз әулеттердің мүшелеріне алғыс айтып, бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Сонымен қатар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Байсейіт Жылысбаев та ардагерлер атынан ыстық ықыласын білдіріп, отбасыларға естелік сый-сияпаттарын табыстады.