Бүгін аудан әкімдігінде инвестициялық штабтың отырысы өтті. Жиын барысында аудан әкімі Ербол Жиенқұлов бірқатар инвестициялық жобаларын ұсынған азаматтармен жобалардың жүзеге асу мүмкіндіктерін талқылады.
Отырыста «Мерке Агро Инвест» ЖШС мен «Жұмабай» шаруа қожалығының өкілдері өздерінің әртүрлі бағыттағы инвестициялық бастамаларын таныстырды.
Аудан әкімі кез келген инвестициялық жобаға заң аясында қолдау көрсетілетінін айтып, әкімдік тарапынан қажетті көмектер ұсынылатынын жеткізді. Сондай-ақ салалық бөлімдердің басшыларына жобаларды мұқият қарап, барлық мүмкіндікті қарастыруды тапсырды.
Кездесу соңында тараптар өзара түсіністік танытып, алдағы уақытта ынтымақтастық туралы меморандум жасауға келісімге келді.