ТАУАРЛЫ НЕСИЕ ІС ЖҮЗІНДЕ

ТАУАРЛЫ НЕСИЕ ІС ЖҮЗІНДЕ

Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде “Тауарлы несие” бағдарламасы іске асырылуда.

Бағдарламаның басты мақсаты – ауыл тұрғындарының мал басын көбейтуіне мүмкіндік жасап, шаруашылықтарын дамытуға қолдау көрсету.

Бүгінде бұл бастаманың игілігін көріп, кәсібін кеңейтіп жатқан ауыл азаматтарының қатары артып келеді.

Осы орайда, Жамбыл ауылының тұрғыны, “Отарбек” шаруа қожалығының жетекшісі Бақыт Айнаев өз ауылдасы Сырым Шынарбекұлына 50 бас қой бөліп беріп, тауарлы несиені жүзеге асырды.

Екі тарап өзара келісімге келіп, шарт негізінде Сырым аталған 50 бас қойды алдағы бес жылда төлмен қайтаратын болды.

Бұл – ауыл тұрғындарының бір-біріне қолдау көрсетіп, кәсіпкерлікке ынталы азаматтарға мүмкіндік беріп отырғанының жарқын мысалы.

Осындай игі бастамалар – ауыл бірлігінің, елдік сана мен өзара жанашырлықтың айқын көрінісі.