МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕЙЛІ МАРАПАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕЙЛІ МАРАПАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, аудан әкімі Ербол Жиенқұлов мемлекеттік қызмет саласында абыройлы еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтарды салтанатты түрде марапаттады.

Меркі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 21 қазандағы №31-3 шешіміне сәйкес, ұзақ жылдар бойы ауданның дамуына сүбелі үлес қосқан Айваз Османовқа «Меркі ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Сондай-ақ, аудан әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы Азамат Қасабеков зейнеткерлік жасқа толуына байланысты аудан әкімінің арнайы құттықтауы және сый-құрметіне ие болды.

Мерекеге орай Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының Алғыс хаты, сондай-ақ аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты ауданның дамуына өзіндік үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметшілерге табыс етілді.

Сонымен қатар, 8–18 маусым аралығында Өскемен қаласында өткен мемлекеттік қызметшілер арасындағы республикалық спартакиадада арқан тарту спорты бойынша бақ сынап, белсенділік танытқан аудан мамандары арнайы дипломдармен марапатталды.

Бұл – халыққа адал қызмет етіп жүрген жандарға көрсетілген лайықты құрмет.