"БАҚЫТТЫ БАЛА – БАҚЫТТЫ ЕЛ": 1-МАУСЫМ МЕРЕКЕСІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

"БАҚЫТТЫ БАЛА – БАҚЫТТЫ ЕЛ": 1-МАУСЫМ МЕРЕКЕСІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

1-маусым – Балаларды қорғау күніне орай ауданымызда “Бақытты бала – бақытты ел” атты мерекелік іс-шара ерекше сән-салтанатпен өтті.

Мерекелік алаң түрлі-түсті шарлармен, гүлдермен безендіріліп, балаларға қуаныш пен шаттық сыйлайтын көрініске айналды. Шараға аудан әкімі Ербол Жиенқұлов, Жамбыл облысы бойынша ардагер ұстаздар кеңесінің төрайымы Сұлушаш Құрманбекова және білім бөлімінің басшысы Айгерім Алтынбаева, сондай-ақ білім саласының ардагерлері мен бірқатар қонақтар қатысты.

Балалардың көңілін көтеру үшін мектеп ұйымдары түрлі көрмелер ұйымдастырды. Мультфильм кейіпкерлері балапандарға ерекше әсер сыйлап, олардың жүздеріне шаттық пен күлкі ұялатты. Балғындардың қуанышы бұл күннің басты көрінісіне айналды.

Концерттік бағдарлама Гаухар би тобының нәзік қимылмен өрілген биімен ашылып, мерекенің көркін аша түсті. Ауданымыздың өнерлі оқушылары сахнада өз таланттарын көрсетіп, ән мен би арқылы көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Балабақша тәрбиеленушілері де өз өнерін ортаға салып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

Сахна төріне ауданымыздың үздік, дарынды оқушылары көтеріліп, көпшіліктің қошеметіне ие болды. Биыл олар облыстық, республикалық, тіпті халықаралық байқауларда топ жарып, ауданымыздың абыройын асқақтатты.

Аудан әкімі Ербол Жиенқұлов балаларды мерекемен құттықтап, оларға ақжарма тілегін арнады. Сонымен қатар, демеушілер атынан үздік оқушыларға арнайы сыйлықтар табыс етілді.