2025 жылғы 26 қазанда өткен №7 және №13 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Меркі аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2025 жылғы 26 қазанда №7 және №13 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Меркі аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтті.
№7 сайлау округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 3448 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 2268 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 46 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
№7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Меркі аудандық мәслихатының депутатын сайлаудың мынадай қорытындылары белгіленді:
Аймбетов Шакизада Жаналыкович үшін сайлаушылардың 137 дауысы берілді;
Калысбаев Ергали Бадамбаевич үшін сайлаушылардың 1914 дауысы берілді;
Пірманқұл Жалғас Әбдікерімұлы үшін сайлаушылардың 198 дауысы берілді;
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 8.
Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Меркі аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды:
№7 сайлау округі бойынша – Калысбаев Ергали Бадамбаевич, 1964 жылы туған, «Калысбаев» ЖК басшысы, Жамбыл облысы, Меркі ауданының тұрғыны.
№13 сайлау округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 3188 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 2154 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 64 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
№13 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Меркі аудандық мәслихатының депутатын сайлаудың мынадай қорытындылары белгіленді:
Арыстанбек Дәулет Нұржанұлы үшін сайлаушылардың 260 дауысы берілді;
Ахбанбетов Ренат Азимханович үшін сайлаушылардың 1661 дауысы берілді;
Рахымбай Бакыт Бекболатұлы үшін сайлаушылардың 216 дауысы берілді;
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 8.
Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Меркі аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды:
№13 сайлау округі бойынша – Ахбанбетов Ренат Азимханович, 1986 жылы туған, №14 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі, Жамбыл облысы, Меркі ауданының тұрғыны
Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.