«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- №7 және №13 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Меркі аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалсын.
- Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2025 жылғы 27 тамыздан 25 қыркүйекке дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін белгіленсін.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған Меркі аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы аудандық «Меркі Ақиқат» газетінде жариялансын және Меркі аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырсын.
Төраға Ш. Абылкасымов
Хатшы О. Тойбаев
Меркі ауылы
2025 жыл 27 тамыз
№7