2024 жылғы 8 желтоқсанда өткен Меркі аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2024 жылғы 8 желтоқсанда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Меркі аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.

Сайлаушылар тізіміне 3599 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 2101 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 16.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Меркі аудандық  мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

№2 сайлау округі бойынша

Алмабаев Мадияр Калдыбаевич үшін сайлаушылардың 377 дауысы берілді,

Камалов Казыбек Калдыбаевич үшін сайлаушылардың 253 дауысы берілді.

Молдашев Кадыржан Тезкелдыевич үшін сайлаушылардың 1438 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 9;

 

Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Меркі аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды:

№2 сайлау округі бойынша – Молдашев  Кадыржан Тезкелдыевич,    1979 жылы туған,  «BERIK TRANS» ЖШС директоры, Жамбыл облысы, Меркі ауданының тұрғыны.

 

Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

Дата публикации
10 декабря 2024