2024 жылғы 31 наурызда өткен Меркі аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2024 жылғы 31 наурызда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Меркі аудандық мәслихатының депутатының орнына депутат сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 3730 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 2141 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 40.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Меркі аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
№15 сайлау округі бойынша
Жалғас Әбдікерімұлы Пірманқұл үшін сайлаушылардың 488 дауысы берілді;
Бақытжан Нурланұлы Сатарқұл үшін сайлаушылардың 370 дауысы берілді;
Альбина Нурлановна Темирбекова үшін сайлаушылардың 1240 дауысы берілді;
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 32.
Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Меркі аудандық мәслихаттың депутаты болып:
№15 сайлау округі бойынша Меркі аудандық мәслихаттың депутаты болып – Темирбекова Альбина Нурлановна, 1991 жылы туған, №3 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры сайланды.
Меркі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы