Меркі ауданы Сарымолдаев ауылдық округі әкімінің
сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2022 жылы 20 ақпанда Сарымолдаев ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізіміне 8110 азамат енгізілді, оның 4419-ы дауыс беруге қатысты.
Әкімге үміткерлер саны - 3 адам.
«Nur Otan» партиясы - 0 адам,
«Ауыл»ХДПП -0 адам,
ҚДП «Ак жол» -0 адам,
«ADAL» ПП - 0 адам,
ҚХП - 0 адам,
ОСДП* - 0 адам,
Өзін-өзі ұсыну жолымен - 3 адам.
Сарымолдаев сайлау округі
Сарымолдаев ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 8110 азамат енгізілді, оның 4419-ы дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдер саны – 82, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 38.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Бабижанов С. - 3656; Балтабай Е. - 217; Садырбаев Т. - 426.
Сарымолдаев ауылдық округінің сайланған әкімі Бабижанов Сабит Абилгазиевич 1982 жылы туылған, Сарымолдаев ауылдық округінің әкімі, өзін-өзі ұсынған, Сарымолдаев ауылдық округі, Сарымолдаев ауылында тұрады.
Меркі аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес, 2022 жылғы 21 ақпандағы шешімімен 2022 жылы 20 ақпанда сайланған Меркі ауданы Сарымолдаев ауылдық округінің әкімін тіркеді.