Меркі ауданы Рысқұлов ауылдық округі әкімінің
сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2021 жылы 12 қыркүйекте Рысқұлов ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізіміне 2257 азамат енгізілді, оның 2098-і дауыс беруге қатысты.
Әкімге үміткерлер саны - 3 адам.
«Nur Otan» партиясы - 1 адам,
«Ауыл»ХДПП -1 адам,
ҚДП «Ак жол» -0 адам,
«ADAL» ПП - 0 адам,
ҚХП - 0 адам,
ОСДП* - 0 адам,
Өзін-өзі ұсыну жолымен - 1 адам.
Рысқұлов сайлау округі
Рысқұлов ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 2257 азамат енгізілді, оның 2098-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдер саны – 84, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 29.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Жумабеков Ж. Е. - 59; Кадиркулов М. Б. - 86; Ракишев А. Г. - 1840 .
Рысқұлов ауылдық округінің сайланған әкімі Ракишев Абзал Горькийулы 1974 жылы туылған, «Қазпошта» АҚ ЖОФ Меркі аудандық пошта байланыс торабының басшысы, «Nur Otan» партиясы ұсынған, Меркі ауылдық округі, Меркі ауылында тұрады.
Меркі аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес, 2021 жылғы 13 қыркүйектегі шешімімен 2021 жылы 12 қыркүйекте сайланған Меркі ауданы Рысқұлов ауылдық округінің әкімін тіркеді.