Меркі ауданы Ақарал, Андасбатыр ауылдық округтері әкімдерін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

Меркі  ауданы Ақарал, Андасбатыр ауылдық округтері әкімдерін

 сайлау қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМА

            2021 жылы 25 шілдеде 2 округ бойынша Ақарал және Андасбатыр ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

            Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізіміне7999 азамат енгізілді, оның 7393-і  дауыс беруге қатысты.

Әкімге үміткерлер саны - 6 адам.

Барлық 2 округте әкімдер сайланды.

«Nur Otan» партиясы - 2 адам,

«Ауыл»ХДПП -2 адам,

ҚДП «Ак жол» -0 адам,

«ADAL» ПП - 0 адам,

ҚХП - 0 адам,

ОСДП* - 0 адам,

Өзін-өзі ұсыну жолымен  - 2 адам.  

Ақарал сайлау округі

            Ақарал ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

            Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 2378 азамат енгізілді, оның             2165-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдер саны – 69, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 32.

Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

Айбасов А.М. - 145; Атабек Н.Б - 170; Бекасилов Е.Т. - 1749.

            Ақарал ауылдық округінің сайланған әкімі Бекасилов Ерлан Толғанбайұлы, 1970 жылы туылған, Мерке ауданының №2 музыкалық мектебі директорының оқу ісі бойынша орынбасары, «Nur  Otan» партиясы ұсынған Ақарал ауылдық округі, Ақарал ауылында тұрады.

Андасбатыр сайлау округі

            Андасбатыр ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

            Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 5621азамат енгізілді, оның             5228-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдер саны – 167, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар - 93.

Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

Қожамберді Д.М. – 4105; Оңалбай М. Н. – 422; Тойгулиев М.Т. – 441. Андасбатыр ауылдық округінің сайланған әкімі Қожамберді Думан Мақсүтұлы, 1980 жылы туылған, Меркі  ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру- инспекторлық бөлімшесінің басшысы, «Nur Otan» партиясы ұсынған Меркі ауылдық округі, Меркі ауылында тұрады.

            Меркі аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес, 2021 жылғы 26 шілдедегі шешімімен 2021 жылы  25 шілдеде сайланған Меркі ауданы ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.

 

Дата публикации
26 июля 2021