Елімізде әрбір мамандық иесіне ерекше құрмет көрсетіледі. Дегенмен қарапайым жұмысшылардың қоғам назарынан тыс қалып жататыныда жасырын емес. Осы орайда жұмысшы мамандықтар жылын дәріптеу мақсатында Жамбыл ауылының тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі азамат, білікті маман автокөлік инженері Атабеков Акрам Абдухашимовичті халық назарына ұсынамыз.
Акрам Абдухашимович Жауғаш батыр көшесінде өз үйінде көлік жөндеу гаражында адамдарды қабылдап, аудан тұрғындарына қызмет жасауда.
Өз ісінің хас шебері. 20 жылдан астам уақыт автокөлік инжекторын жөндеумен айналысуда.
Ауданға алғашқы жұмысын көлік маторын жөндеуден бастап, қазіргі уақытта инжектор жөндеу ісінің маманы ретінде таңылған.
Инжектордың ақауларын жөндеп, олардың жұмыс істеуіне кепілдік береді. Осындай жұмысқа деген жауапкершілігі мен әр істі сапалы орындауының арқасында тіршілігі түзеліп, өзгеде көршілес аудан мен ауылдың көлік жүргізушілері алдын ала кезекке тұрып, тапсырыс беретіндері көп.