2025 жылдың 20 қаңтар күні Жамбыл ауылдық округінің спорттан нұсқаушы әдіскері М.Көкіннің ұйымдастыруымен Жамбыл ауылдық округі тұрғындары арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарыс №20 БЖСМ спорт кешенінде өтті. Жарысқа Тұрлыбай батыр, Талдыбұлақ, Жеміс жидек, Жамбыл ауылдарынан жасақталған командалар қатысты. Тартысты өткен жарыстың қорытындысы:
🥇орын "Төс Жамбыл" командасы;
🥈орын "Исағұлов көшесі" командасы;
🥉орын "Барс" командалары жеңіс тұғырына көтерілді.
Жеңімпаздар медаль грамотамен марапатталды.