Елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бойынша көктемгі айлығы өтуде

Елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бойынша көктемгі айлығы өтуде

Көктемгі тазалық айлығы іс-шарасы негізінде жоспарға сәйкес ауылдық округте тазалық жұмыстары жүргізіліп, сенбіліктер ұйымдастырылуда. Интернациональный ауылының саябағында қарағаш көшеттері егілді,  ауыл ішінде 50-ге жуық шырша, сәндік ағаштары отырығызылды, 5 м2 гүлзарлар абаттандырылды, 10 км арықтар тазартылды, 1000м2 саябақ көріктендіріліп, барлығы 10 тоннадан аса күл қоқыс шығарылды. Округ аумағындағы мекемелердің, негізгі көше бойындағы үйлердің алды қоқыстан тазаланып, абаттандырылды, ғимараттың іші, сыртын әктеу-сырлау жүргізілді.