АТАДАН МАЛ ҚАЛҒАНША, ТАЛ ҚАЛСЫН

АТАДАН МАЛ ҚАЛҒАНША, ТАЛ ҚАЛСЫН

2024 жылдың 19 наурыз күні Рысқұлов ауылдық округінің Интернациональный ауылында «Ағаш егу» акциясы аясында 1500   түп қаратал отырғызылды.  «Атадан – мал қалғанша, тал қалсын” дегендей, ағаш егу шарасы ата дәстүр салты бойынша, ауыл ақсақалдарының бата беруімен басталды. ⠀Бұл қайырымды шараға аудан әкімі  Ж.Н.Баубеков бастаған мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.