Мектеппен қоштасу – «Қош бол, мектеп!»

Мектеппен қоштасу – «Қош бол, мектеп!»

25.05.2026 жыл
Рысқұлов ауылдық округіндегі А.Тұрғынбаев атындағы №7 ЖОББ мектебі мен №28 ЖОББ мектебінде мектеп бітіруші түлектерге арналған «Қош бол, мектеп!» атты салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға Рысқұлов ауылдық округінің әкімі Е. Қалысбаев пен округ әкімдігінің бас маманы Гүлжан Макаева қатысып, жас түлектерге ақ жол тілеп, жүрекжарды лебіздерін білдірді. Өз сөздерінде білім мен тәрбиенің маңыздылығына тоқталып, түлектердің болашақта ел дамуына үлес қосатын білімді де саналы азамат боларына сенім білдірді.
Мектеп қабырғасындағы алтын ұямен қоштасқан түлектер үшін бұл күн — ерекше естелікке толы әсерлі сәт болды. Ұстаздарға алғыс айтылып, мектеппен қимай қоштасқан түлектердің қуанышы мен толқынысы ерекше сезілді.
Барша түлектерге сәттілік, жарқын болашақ және биік жетістіктер тілейміз!