19 наурыз – Жаңару, тазалық күніне орай Рысқұлов ауылдық округінде кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді. Ауыл көшелері тазартылып, айнала көркейтілді.
Бұл игі іске ауыл тұрғындары, ақсақалдар және барлық мекеме ұжымдары белсенді түрде атсалысты. Бірлік пен ынтымақтың арқасында ауылымыздың келбеті жаңарып, тазалық пен тәртіптің жарқын үлгісі көрсетілді.
Жаңару күні – тек табиғатты емес, жан дүниемізді де жаңартатын ерекше күн. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.