
23.02.2026 жыл
Рысқұлов ауылдық округінде А.Тұрғынбаев атындағы №7 ЖОББ мектеп ұжымымен Конституциялық реформа бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шараға аудандық деңгейде арнайы құрылған топ мүшелері қатысып, реформаның негізгі бағыттары мен маңыздылығын кеңінен түсіндірді. Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Іс-шараның мақсаты – ұжым мүшелеріне Конституциялық өзгерістердің мазмұнын түсіндіру және құқықтық сауаттылықты арттыру.