6.02.2026 жылы Рысқұлов ауылдық округінің әкімі Е. Қалысбаев А.Тұрғынбаев атындағы №7 ЖОББ мектебі мен Рысқұлов ауылындағы №28 ЖОББ мектебінде өткен концерттік кештерге қатысты. Іс-шаралар барысында мектептердің мәдени-рухани өмірі мен оқушылардың шығармашылық дамуына ерекше көңіл бөлінді. Әкім өз сөзінде мектептерде оқу үдерісінен тыс уақытты тиімді өткізу, жас таланттарды қолдау және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бойынша ұсыныстарын білдірді. Концерттік кештер мектеп оқушыларының өнерін танытуға мүмкіндік берген маңызды іс-шаралар ретінде атап өтілді.