Рысқұлов ауылдық округі әкімі мектеп мамандарымен өзекті мәселелерді талқылады

Рысқұлов ауылдық округі әкімі мектеп мамандарымен өзекті мәселелерді талқылады

04.02.2026 жылы Рысқұлов ауылдық округінің әкімі Е. Қалысбаев ауылда орналасқан А.Тұрғынбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінің психологы және құқық жөніндегі директордың орынбасарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер, оқушылардың психологиялық жағдайы, құқықтық тәрбие мен қауіпсіздік мәселелері кеңінен талқыланды.
Округ әкімі көтерілген мәселелер бойынша тиісті ұсыныстарын білдіріп, алдағы уақытта бірлескен жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтті.